«Lesson study – тәжірибені жетілдірудің тиімді жолы» семинары
2023 жылдың 5 қазанында ҚАЕУ «Педагогика және психология» кафедрасының аға оқытушысы Саданова Жанар Кабыкенкызының жетекшілігімен «Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» білім беру бағдарламасының 4 курс студенттері «Педагогикалық шеберлік» курсының аясында ШҚО ББ Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің «Шоқан Уәлиханов атындағы №3 мектеп-лицейі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде ұйымдастырылған «Lesson study – тәжірибені жетілдірудің тиімді жолы» атты семинарға қатысты. Lesson study – мұғалім тәжірибесі саласындағы білімді жетілдіруге бағытталған, сабақтағы іс-әрекетті зерттеудің ерекше үлгісі болып табылатын педагагогикалық тәсіл, зерттеу сабағында оқушының оқуы, мұғалімнің кәсіби тәжірибесі артады. Семинарға қала мектептерінің бастауыш сынып мұғалімдері қатысып, лессон стади бойынша көкейде жүрген көптеген сұрақтарына жауаптар алды. Семинар өте жоғары деңгейде ұйымдастырылды.
Педагогика және психология кафедрасы