Мәжіліс және мәслихаттар депутаттарының кезектен тыс сайлауы қарсаңында студенттермен кездесу
2023 жылғы 2 ақпанда Қазақстан-Американдық еркін университетінде Шығыс Қазақстан облысы сайлау комиссиясының Төрағасы, ҚАЕУ профессоры, педагогика ғылымдарының докторы Нәбиев Ерсайын Ахметуәлиұлының университетіміздің студенттерімен кездесуі өтті, оның барысында сөз сөйлеуші Мәжіліс және мәслихаттар депутаттарын сайлау рәсімінің заңнамалық негіздері туралы айтты.
Келесі спикер ретінде ҚАЕУ-нің ғылыми жұмыс және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру жөніндегі проректоры, профессор, заң ғылымдарының кандидаты Юлия Александровна Гаврилова сөз сөйлеп, Мәжіліс пен мәслихаттар депутаттарының кезектен тыс сайлауы аясында Қазақстан Республикасының сайлау заңнамасының жаңалықтарын ашып көрсетті.
Сонымен қатар, құқық және халықаралық қатынастар кафедрасының аға оқытушысы, заң ғылымдарының магистрі, ШҚО мемлекеттік басқару академиясының ШҚО сайлау комиссияларының төрағалары мен хатшыларына арналған филиалының штаттан тыс жаттықтырушы-оқытушысы Мужчиль Савелий Александрович студенттерді Қазақстан Республикасының сайлау заңнамасын бұзғаны үшін заңды жауапкершілік түрлерімен таныстырды.
Барлық сөз сөйлеушілер студенттерді 2023 жылғы 19 наурызда өтетін Мәжіліс пен мәслихаттар депутаттарының кезектен тыс сайлауына белсенді қатысуға шақырды.
Айта кетейік, іс-шара интерактивті түрде өтті. Студенттер спикерлерге қызықты және пайдалы ақпарат үшін алғыс білдірді.
Құқық және халықаралық қатынастар кафедрасы