Мәскеу қалалық университетінің үздіксіз білім беру институтының алғысы
Қазақстан-Американдық еркін университетінің педагогика және психология кафедрасы 2022 жылы Мәскеу қалалық педагогикалық университетінің іс-шараларына: 2022 жылғы тьюторлық Жазғы университетінде “Болашақ мәнмәтініндегі үздіксіз білім беру” және “Ашық білім беру кеңістігіндегі тьюторлық” ғылыми-практикалық конференцияларына белсенді қатысқаны үшін алғыс алды.
Мәскеу қалалық университетінің үздіксіз білім беру институтының директоры Шалашова Марина Михайловна “Педагогика және психология” кафедрасының меңгерушісі ф.ғ.к. Ә.Н.Нұрлановаға, сондай-ақ аға оқытушылар З. К.Чункурова мен И. А. Федороваға алғысын білдірді.
Ынтымақтастық үшін алғыс айтамыз!
Педагогика және психология кафедрасы






