Мамандығы-ағылшын тілінің мұғалімі
02.06.2023 ж. Қазақстан-Американдық еркін университетінде ҚАЕУ басшылығының қос тарапты оқыту бағдарламасын іске асыруға қатысатын білім беру ұйымдарының өкілдерімен кездесуі өтті.
Педагогикалық мамандықтар бойынша қос тарапты оқыту – бұл екі мәселені шешуге арналған мектептер мен жоғары оқу орындарының тығыз өзара іс-қимылы негізінде білікті қызметкерлерді даярлау-оқу үдерісінде теориялық және тәжірибелік дайындықты біріктіру.
Мектептер үшін – бұл өздеріне «тапсырыс бойынша» кадрларды даярлау, олардың барлық талаптарына барынша сәйкестігін қамтамасыз ету мүмкіндігі, студенттер үшін – ақпараттың жетіспеушілігінен және тәжірибелік дайындықтың әлсіздігінен туындаған күйзеліссіз еңбек қызметіне кірудің тамаша мүмкіндігі.
6В01703 «Шет тілі: екі шет тілі» ББ студенттері осындай бағдарлама бойынша дайындықты 2021 жылы Л. Гумилев атындағы №38 гимназиямен ынтымақтастық шеңберінде бастады. 2022-23 оқу жылында жоба едәуір кеңейтілді; жобаға №10 гимназия, Шәкәрім атындағы № 1 орта мектеп және № 39 орта мектебі қосылды. Жыл бойы барлық курстардың студенттері тәжірибеші-мұғалімдермен жұмыс істеуге, мамандықтың негіздерін түсінуге, баға жетпес практикалық тәжірибе алуға мүмкіндік алды.
Кездесуде жыл қорытындысы шығарылып, тілектер айтылды, мәселелер талқыланды және келесі оқу жылына арналған шарттарға қол қойылды.