Медициналық психология бойынша дөңгелек үстел
2022 жылғы 6 желтоқсанда “Педагогика және психология” кафедрасының аға оқытушысы Е.Т.Катанованың жетекшілігімен Қазақстан-Американдық еркін университетінің “Психология” білім беру бағдарламасының 3 курс білім алушылары “Медициналық психология” пәні аясында Шығыс Қазақстан облыстық наркологиялық диспансеріне барды.
Бұл сапардың мақсаты теориялық білімді бекіту болып табылады, сондай-ақ нарколог дәрігердің және мекеменің штаттық психологының қатысуымен дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Медициналық психология саласынан қосымша ақпарат алынды. Осы іс-шара аясында әр білім алушының әр түрлі тәуелділіктегі емделушілермен жеке әңгімелесу мүмкіндігі болды.
Педагогика және психология кафедрасы