Мемлектік тілдің жоғары білім саласындағы қолданылу аясын күшейту
3 қараша 2023 жылы «Педагогика және психология» кафедрасының аға оқытушысы Едильбаева Гульжан Бакытбековна Абай атындағы Шығыс Қазақстан гуманитарлық колледжінің студенттеріне ҚР Президенті Қ.Тоқаевтың төрағалығымен өткен Ұлттық Құрылтайдың «Әділетті Қазақстан-Адал азамат» атты екінші отырысының хаттамалық тапсырмасының 3.2 тармағын орындау мақсатында мемлекеттің тілдің рөлін күшейту және оны қолдану аясын, әсіресе, ғылым мен білім беру саласында одан әрі кеңейту мүмкіндігін қарастыру бойынша дәріс оқыды.
Оқытушы тіл саясатын дамытуда қолданылатын ресурстарды, лингвистикалық жобаларды, сапалық терминология жасауды және мемлекеттік тілді оқытудағы тың жаңалықтарды кеңінен таныстырып өтті. Мемлекеттік тілді үйретудің өзекті мәселелеріне тоқтала келе, жастарға тіл үйренуге арнайы жасалған телеграм-боттар, сайттар туралы атап өтті. Мемлекеттік тілдің қажеттілігін уақыт талабы екенін түсіндіру, жеткізу, жағдай жасау жастардың міндеті екенін және тілдің мәртебесін көтеруге , ұлт болашағы үшін аянбай еңбек етуге шақырды.
Педагогика және психология кафедрасы