Мен өмірді таңдаймын
Өскемен гарнизонындағы Халық Қаһарманы Қасым Қайсенов атындағы №27943 әскери бөлімінде «Мен өмірді таңдаймын» жеке және отбасылық қақтығыстардың, өзіне-өзі қол жұмсау жағдайларының алдын алу мақсатында жоспарланған онкүндігі аясында ҚАЕУ Педагогика және психология кафедрасының оқытушысы, психология ғылымдарының кандидаты Унарбекова Нұршат Досмұхамбетқызының қатысуымен сарбаздармен ағымдағы жылдың 21 ақпанында кездесу-сұхбат ұйымдастырылды.
Қазіргі кезде көптеген мемлекеттерде жастар арасындағы суицидтің орын алуы, әсіресе ер адамдарда жиі кездесуі қоғамға кері әсері бар екендігі айтылып жүр. Суицидтік мінез-құлықтың қалыптасуына жаңа ортаға бейімделудегі қиыншылықтар, қарым-қатынастағы жанжал, отбасылық-тұрмыстық проблемалар, денсаулықтың бұзылуы, зорлық-зомбылық, буллинг және т.б. жағдайлар себеп болуы мүмкін.
Сарбаздарға күйзелістік жағдайдан шығу үшін тығырықта шешім қабылдауға асықпау қажеттілігі, психологтан көмек сұрау, өмірді құндылық ретінде қабылдау, кез-келген қақтығыстың шешімі болатындығы, эмоционалды қобалжуды қарапайым жаяу жүру немесе физикалық белсенділік және спортпен басқаруға болатындығы жайлы айтылды. Кәсіби психологиялық кеңеске жүгіну адамға қиыншылықта шешім табуға, сәтсіздіктерді жаңа даму сатысына өтпелі кезең ретінде қабылдауға, көмек сұрай алу – әлсіздік немесе ұят еместігін түсінуге, эмоционалды ұстамдылықты өсіруге, тәуелділіктерге жол бермеуге (құмар ойындар, алкоголь, т.б.), мінез-құлықтағы манипуляциялық көріністердің қалыптасуына жол бермеуге ықпал етеді.
Қазақстан-Американдық еркін университеті мен Халық Қаһарманы Қасым Қайсенов атындағы №27943 әскери бөлімі арасында ынтымақтастық Меморандумы және дуальды білім беру туралы келісім-шарт жасалған.