Мұхтар Шахановтың шығармашылығына арналған қалалық байқау

2025 жылдың 14 наурызында Қазақстан-Американдық еркін университеті Мұхтар Шахановтың шығармашылығына арналған «Шаханов оқулары» көркемсөз оқу шеберлері қалалық байқауын өткізді. Байқауға Өскемен қаласы колледждерінің білім алушылары бойынша өнерпаздар қатысты.

Байқаудың мақсаты: іс-шара Қазақстанның Халық жазушысы және ақыны, қоғам қайраткері Мұхтар Шахановтың шығармашылығына арналды.

Байқаудың міндеті: көркем әдебиетті, қазақ қаламгерлерінің шығармашылық мұрасын насихаттау, ел бірлігін нығайту және отансүйгіштік сезімге тәрбиелеу, қазақтың ұлттық мәдениеті мен өнеріне, әдебиеті мен тіліне деген көпшілік ықыласын арттыру, жастар арасында кітап оқу мәдениетін дамыту.

Байқаудың бағалануы: қазылар алқасы байқауға қатысушылардың өнерін бағалау кезінде олардың көркем мәтінді оқу шеберлігіне, дауыс мәнеріне және тіл тазалығына, мәтінді таңдау талғамына, сахнада өзін-өзі ұстауына, образына және сұраққа толық әрі дұрыс жауап беруіне баса назар аударды.

Байқау қорытындысы бойынша жүлделі орын алғандар:

ОрынАты-жөніОқу орнының атауы
Бас жұлдеҚұлжабекова Меруерт ДидаровнаАбай атындағы Шығыс Қазақстан гуманитарлық колледжі
1-орынАқзамбекова Айзада НұрланқызыӨскемен жоғарға медицина колледжі
2-орынМадикенова Толғанай Ерланқызы«Д.Серікбаев атындағы ШҚТУ» КЕАҚ IT колледжі
Мұқанова Айзере«Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті» КЕАҚ Жоғары колледжі
Елтай Риза Нұрболқызы«Д.Серікбаев атындағы ШҚТУ» КЕАҚ IT колледжі
3-орынМұқай Алина Еркінқызы«Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті» КЕАҚ Жоғары колледжі
Қуанбекова Нұрай Қуанбекқызы«Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті» КЕАҚ Жоғары колледжі
Жомарт Нұрай Серікжанқызы«Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті» КЕАҚ Жоғары колледжі
Қайнолданова Гүлназ ЖасұланқызыАбай атындағы Шығыс Қазақстан гуманитарлық колледжі
Нұртазина АлинаАбай атындағы Шығыс Қазақстан гуманитарлық колледжі
Жарқын АйдосАбай атындағы Шығыс Қазақстан гуманитарлық колледжі

Жеңімпаздарды құттықтап, ел болашағы боларлық өнерлі жастарды дайындаған жетекшілеріне алғыс білдіреміз!

«Педагогика және психология» кафедрасы