Назарбаев Зияткерлік мектебіндегі шеберлік-сыныбы

Қазақстан-Американдық еркін университеті мен «Назарбаев Зияткерлік мектебі» ААҚ арасындағы ынтымақтастық туралы Меморандум аясында 2023 жылдың 13 қазанында «Педагогика және психология» кафедрасының аға оқытушысы Ж.К.Саданованың жетекшілігімен педагогикалық білім беру бағдарламаларының 3 курс студенттері «Білім берудегі ІТ технологиялар» курсы бойынша «Назарбаев Зияткерлік мектебі» ААҚ озат ұстаздары ұйымдастырған шеберлік-сыныбына қатысты. Шеберлік-сыныбын қазақ тілі пәнінің мұғалімдері Ж.Т.Китапбаева, Г.С.Арыстанбек, К.Е. Турганбаев өте жоғары деңгейде ұйымдастырды. «Назарбаев Зияткерлік мектебі» ААҚ білім беру бағдарламаларының қазіргі заманғы модельдерін әзірлеуді, оларға мониторинг жүргізуді, зерттеуді, талдауды, байқаудан өткізуді, енгізуді және іске асыруды жүзеге асыратын эксперименттік алаң болып табылатындықтан студенттер құнды ақпараттар алды. Шараны ұйымдастыруға мұрындық болған директор орынбасары Сапуанов Біржан Жанболатұлына және PhD докторы, жоғары оқу орнындарымен байланыс консультанты Сейтахметов Жанат Маратовнаға алғыс білдіреміз.