Неміс тілі мұғалімдеріне арналған халықаралық емтихан және семинар
2024 жылғы 6-7 сәуірде ҚАЕУ Лингвистикалық орталығының базасында екі іс–шара – неміс тілінен «Goethe Zertifikat» халықаралық емтиханы және «Deutsch unterrichten: interaktiv, handlungsorientiert, lernerzentriet» семинары өтті.
Қазақстандағы Гете-Институты ұйымдастырған неміс тілінен халықаралық емтихан 6 және 7 сәуір аралығында екі күнде өтті. Шығыс Қазақстанның түрлі қалалары мен аудандарынан 27 адам өздерінің дайындық деңгейін тексеруге ниет білдірді.
Емтихан нәтижелері кейінірек шығарылады. Оны сәтті тапсырған адамдар тиісті білім деңгейін растайтын және Германияда көші-қон, оқыту және жұмысқа орналасу мүмкіндіктерін ашатын сертификат алады.
6 сәуірде Қазақстандағы Гете-Институты ұйымдастырған неміс тілі мұғалімдеріне арналған семинар өтті. Оған Өскемен және Семей мектептерінің, жоғары оқу орындарының, тіл орталықтарының 20-дан астам оқытушылары қатысты.
Олар неміс тілін оқытудың әртүрлі әдістерін талқылады, әртүрлі деңгейдегі оқушылармен жұмыс тәжірибесімен алмасты. Сонымен қатар, олар неміс тілінен қызықты сабақтар әзірлеуді, әртүрлі ойын және интерактивті оқыту әдістерін қолдануды үйренді.
Ұйымдастырушылар атап өткендей, мұндай іс-шаралар облыстың мектептері мен жоғары оқу орындарында неміс тілін оқыту сапасын арттыруға көмектеседі.
Шет тілдері кафедрасы