Облыстық кәсіподақтың қатысуымен семинар-практикум

2025 жылғы 14 ақпанда ШҚО Кәсіподақ орталығы мен Қазақстан-Американдық еркін университеті арасындағы өзара ынтымақтастық туралы меморандум шеңберінде «Еңбек дауларын шешу кезінде Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасын қолдану  тәжірибесі» тақырыбында семинар-практикум өтті.

Бұл іс-шараның мақсаты «Құқық» білім беру бағдарламаларының студенттерін еңбек заңнамасын қолдануға теориялық және  тәжірибелік дайындау болды.

ҚАЕУ-нің бірінші вице-президенті, PhD докторы Ж.Е.Байкенов және «ШҚО Кәсіподақ орталығы» Аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы Т.Ж. Қасымжанов құттықтау сөз сөйледі.

Сондай-ақ, семинар барысында сарапшылар сөз сөйлеп, еңбек заңнамасын қолданудың, жұмыс берушілер мен қызметкерлердің еңбек құқықтарын қорғаудың, сондай-ақ еңбек дауларын шешудің өзекті мәселелерін атап өтті. Спикерлер арасында адам құқықтары жөніндегі Уәкілдің өкілі С.Мизанбеков, ШҚО Кәсіподақ орталығының құқықтық мәселелер жөніндегі бас маманы Б. А. Нұрпейісов, ШҚО бойынша  ЕжХӘҚМ мемлекеттік еңбек инспекциясы Комитеті Департаментінің еңбек заңнамасын бақылау бөлімінің басшысы К. С. Ерғазинов бар.

Іс-шара аясында «Құқық» білім беру бағдарламаларының 3-курс студенттері жеке еңбек дауын қарау бойынша сот процесіне  ұқсату жүргізді.

Мұндай семинарлар студенттердің еңбек заңнамасы саласындағы білімі мен дағдыларын қалыптастыруда маңызды рөл атқарады, сондай-ақ құқықтық сауаттылық деңгейін арттыруға ықпал етеді.

Болашақта облыс кәсіподақтары мен ЖОО арасындағы ынтымақтастықтың табысты дамуына үміттенеміз!

Құқық және халықаралық қатынастар кафедрасы