Облыстық прокуратурада Ашық есік күні
2023 жылғы 21 қазанда Шығыс Қазақстан облысының прокуратурасында «Құқық» білім беру бағдарламалары тобының студенттері қатысқан Ұлттық мереке – Қазақстан Республикасы күніне арналған іс-шара өтті. Іс-шара барысында кадр жұмысы тобының жетекшісі В.А.Александров студенттерге тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуы, 1990 жылғы 25 қазанда егемендікке ие болуы туралы айтып берді. Сондай-ақ, прокуратура қызметкерлері прокуратура органдарына, Бас прокуратураның құқық қорғау органдары Академиясына түсу және прокуратурада қызмет өткеру тәртібі туралы түсініктеме берді. Сондай-ақ есірткінің зияны, нашақорлық және есірткіні таратқаны үшін құқық бұзушылықтар мен қылмыстар үшін жауапкершілік туралы айтылды.
Сонымен қатар, студенттер үшін Шығыс Қазақстан облысы прокуратура органдарының мұражайында экскурсия өткізілді, сондай-ақ «Үздік мемлекеттік айыптаушы» конкурсына қатысуға, қылмыстық құқық және қылмыстық іс жүргізу құқығы негіздері бойынша викторина сұрақтарына жауап беруге мүмкіндік алды.
Құқық және халықаралық қатынастар кафедрасы




