«Өркенде, Менің Қазақстаным!» атты тақырыпқа тұсаукесерлер байқауы

2023 жылғы 19 қазанда «Өркенде, Менің Қазақстаным!» Қазақстан Республикасы күніне орай Қазақстан-Американдық еркін университетінің американдық бағдарламасының 1 курс студенттері ағылшын тілінде  тұсаукесер жасады.

Студенттер слайдтардың түрлі-түсті безендірілуіне және мәтіндік мазмұнына көп көңіл бөлді. Өз  тұсаукесерлерінде студенттер Шығыс Қазақстанның табиғаты, Өскемен қаласының көрікті жерлері туралы айтып, туған өлкенің экологиясы мен экономикасы тақырыбын қозғады.

Барлығы 8  тұсаукесер тыңдалып, байқау тақырыбы бойынша ағылшын тілінде 46 эссе тексерілді.

«Өркенде, Менің Қазақстаным!» тақырыбындағы «Үздік  тұсаукесер»   аталымында біз келесі студенттерді құттықтай аламыз:

  • 1 орын-Арғынғазина Карина, 1 курс «Шет тілі: екі шет тілі» ББ
  • 2 орын-Удолова Карина, 1 курс «Аударма  ісі» ББ
  • 3 орын-Масько Александра, 1 курс «Шет тілі: екі шет тілі» ББ.

Жеңімпаздарды құттықтаймыз және оларға шығармашылық табыстар тілейміз!

Шет тілдері кафедрасы