Өскемен қаласының №9 орта мектебінде кәсіптік бағдар беру жұмысы
2022 жылдың 1 желтоқсанында құқық және халықаралық қатынастар кафедрасының аға оқытушысы С.А. Мужчиль Өскемен қаласының №9 орта мектебінде ата-аналар жиналысына қатысты. Түлектердің ата – аналарына Қазақстанның үздік университеттерінің бірі-Қазақстан-Америка еркін университеті туралы айтылды.
Баяндамашы университеттің тарихы, оның іскер серіктестері, қолда бар білім беру бағдарламалары, гранттар мен жеңілдіктер туралы, сондай – ақ ҚАЕУ құрылымында қазіргі заманғы 2 колледж – ҚАЕУ Жоғары колледжі және еңбек нарығында сұранысқа ие бәсекеге қабілетті түлектерді дайындайтын Экономика және қаржы колледжі бар екендігі туралы айтты.
ҚАЕУ туралы әңгіме, мектеп әкімшілігі мен ата-аналардың қызығушылығын тудырды. Олар әскери кафедрада оқудан өтуге, қос дипломды білім беру бағдарламаларына, сондай-ақ ҚАЕУ түлектерін жұмысқа орналастыру туралы сұрақтар қойды. Барлық сұрақтарға жауаптар берілді.
Білім алушыларды ҚАЕУ-ге оқуға түсуге және біздің университет тарихында өз атыңызды қалдыруға шақырамыз!
Маркетинг және қабылдау бөлімі

