Орыс тілі бойынша халықаралық олимпиада жеңімпаздары – 2022
“Кушак” және “криница” сөздері нені білдіреді, “на побегушках” және “надвое” үстеулері қалай дұрыс жазылады, сын есімнің разрядын анықтау, тыныс белгілерін енгізу – осы және басқа сұрақтарға “Эрудит” Ғылыми-білім беру орталығының порталында (Саратов, Ресей) 2022 жылдың қарашасында өткізілген орыс тілінен халықаралық олимпиадаға қатысушылар жауап берді.
Қазақстан-Американдық еркін университетінің “Орыс тілі мен әдебиеті” білім беру бағдарламасының студенттері олимпиадаға келесі нәтижелермен қатысты:
Бакиева Сабина (ТжКБ базасында 3 курс) – 1 орын (100-ден 100 балл)
Демьянова Инесса (4 курс) – 1 орын (100-ден 100 балл)
Дүзбаева Алина (ТжКБ базасында 3 курс) – 1 орын (100-ден 100 балл)
Халықаралық олимпиаданың қорытындыларымен мына мекен-жай бойынша танысуға болады http://erudyt.ru/results/rezultaty-2022-2023.html.
Құттықтаймыз және шығармашылық табыс тілейміз!
Педагогика және психология кафедрасы



