«Орыс тілі мен әдебиеті пәнінен қорытынды аттестаттауға дайындық бойынша мұғалімдердің жұмыс жүйесі» қалалық әдістемелік семинар
Білім бөлімінің жұмыс жоспарына сәйкес 2024 жылдың 25 сәуірінде ШҚО білім басқармасы, Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің «№18 орта мектебі» КММ базасында қалалық әдістемелік «Орыс тілі мен әдебиеті пәнінен қорытынды аттестаттауға дайындық бойынша мұғалімдердің жұмыс жүйесі» семинары өтті.
Семинардың негізгі ұйымдастырушылары Қазақстан-Американдық еркін университетінің «Орыс тілі мен әдебиеті» білім беру бағдарламасы бойынша бакалавриат және магистратураның түлектері Абылғазинова Айгерім Бауыржанқызы мен Гулова Ирина Николаевна болды.
Семинарға Өскемен қаласындағы мектептердің орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері қатысты. Қатысушыларды мектеп директоры А.А.Кириллова құттықтап, мектептің орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдерінің сапалық құрамы айтарлықтай жоғары кәсіби деңгейде екенін, мұны оқушылар мен мұғалімдер арасындағы іс-шаралардың жеңімпаздары болуы дәлелдейтінін атап өтті.
Семинарға №18 мектептің орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері қатысып, тіл топтамасы сабақтарында орыстану мамандарының оқушыларды Қорытынды аттестаттауға дайындау тәжірибесімен таныстырды. Мектеп мұғалімдерінің әдіс-тәсілдері, интерактивті жұмыс формалары 9 және 11 сынып оқушыларын Қорытынды аттестаттауға сапалы дайындауға бағытталды.
Семинар соңында қатысушылар семинардың жоғары әдістемелік деңгейде өткенін айтып, өзара пікір алмасты.
Жарайсыңдар, ҚАЕУ түлектері!
Педагогика және психология кафедрасы