«Отбасылық құндылықтар» тәрбие сағаты

2024 жылғы 6 қарашада педагогика және психология кафедрасының аға оқытушысы Тұрғымбаева Нұрсұлу Қайырдықызы «Қазақ тілі» курсы аясында Қазақстан-Американдық еркін университетінің орыс тілінде оқитын 1 курс студенттеріне «Отбасылық құндылықтар» тақырыбында тәрбие сағатын өткізді. Сабақ барысында білім алушылар тақырып бойынша жаңа сөздермен танысты, өз плакаттарын ұсынды, ән орындады, сондай-ақ Kahoot платформасында квиз-ойын арқылы алған білімдерін тексерді. Оқытушы белсенді қатысушыларды  жүлделермен марапаттады.

Педагогика және психология кафедрасы