Профессор Брайн Янгтың «Cultural Enigma» ашық дәрісі

«Әлемдік білім және ғылым: жаһандық сын-қатерлерді бірлесіп жеңу» конгресі аясында 2023 жылдың 8 қарашасында қала колледжінің, сондай-ақ ҚАЕУ студенттері Колорадо штатының профессоры Брайн Янгтың ашық дәрісіне қатысты. «Cultural Enigma» дәрісінің тақырыбы заманауи әлемдегі мәдени айырмашылықтар мен ұқсастықтарды зерттеу мәселесіне терең үңілуге мүмкіндік берді.

Дәріс әртүрлі елдердің мәдени ерекшеліктерін талдау және оларды Қазақстанмен салыстыру туралы ақпараттарды қамтыды. Бұл тыңдаушылар үшін мәдени «жұмбақтардың» кең әлемін аша білген қызықты зерттеу болды.

Қатысушылар профессор Брайн Янгқа шабыттандыратын дәрісі және жаһандық мәдени мәселелер туралы ойландыра білгені үшін ризашылықтарын білдірді. Бұл олардың білім беру жолындағы маңызды қадам болды.

Қоғаммен байланыс орталығы