Прокуратурадағы тәжірибелік семинар
2023 жылғы 16 қыркүйекте Қазақстан-Американдық еркін университетінің құқық және халықаралық қатынастар кафедрасының оқытушылары 4 курс студенттерімен және “Құқықтану” ББ магистранттарымен бірге Шығыс Қазақстан облысының прокуратурасына барды. Семинарға облыс прокуратурасының қызметкерлері, қызмет атқарып жүрген адвокаттар, ЖОО студенттері мен магистранттары қатысты.
Семинар барысында прокуратура органдарының қызметкерлері жас және болашақ қызметкерлерді прокурорлық қадағалауға оқыту үшін баяндамаларды оқып, алқабилердің қатысуымен сот процесін көрсетті, өзекті мәселелерді талқылады.
Ашық семинардың бай бағдарламасы баяндамаларды оқуды, сот процесіне қатысуға қызметкерлерді даярлау бойынша көрме мен тренингті қамтыды.
Құқық және халықаралық қатынастар кафедрасы