Психология бойынша  республикалық  олимпиада

2023 жылғы 10 қараша мен 16 қараша аралығында Қазақстан-Американдық еркін университетінің «Психология» білім беру бағдарламасының 2 курс студенттері психология бойынша Республикалық олимпиадаға қатысып, психология ғылымдарының кандидаты Глушкова Лилия Николаевнаның жетекшілігімен осы саладағы білімдері мен дағдыларын сәтті көрсете білді.

Олимпиада жеңімпаздары 1 және 2 дәрежелі дипломдармен марапатталды: 1 дәрежелі дипломдарды Стрыгина Наталья, Зайферт Галина, Лихоманова Ангелина; 2 дәрежелі дипломдарды Коровина Алина, Байрамян Каролина алды.

Педагогика және психология кафедрасы