Психология студенттеріне арналған гештальт бойынша тәжірибелік кеңес беру сабағы
2024 жылғы 30 қазанда «Психологиялық кеңес беру негіздері» пәні аясында «Психология» білім беру бағдарламасының 3 курс студенттеріне шақырылған маман, тәжірибелік кеңесші психолог және гештальт-терапевт Рыбалкина Светлана Юрьевнаның қатысуымен тәжірибелік сабақ өтті. Сабақ барысында кеңес берудегі гештальт тәсілінің негізгі ерекшеліктері көрсетілді.
Сабақ топтық форматта өтті, оның шеңберінде кейіннен психотехникалық талдаумен психологиялық кеңес беру өткізілді. Соңында Светлана Юрьевна студенттердің кеңес беру тәжірибесінің ерекшелігі, клиенттердің өзіндік сұраныстары және психологтың кәсіби қалыптасуы туралы сұрақтарына жауап берді.
Педагогика және психология кафедрасы