ҚАЕУ колледжі үшін Қазақстан-Американдық еркін университетінің кәсіптік бағдары
2025 жылдың 6 қаңтарынан 2 наурызына дейін бизнес кафедрасы ҚАЕУ Жоғары колледжінің бітіруші топтарының оқушыларымен кәсіптік бағдар беру жұмысын жүргізді.
Осы бастама аясында ҚАЕУ Жоғары колледжінің «Банк және сақтандыру ісі» және «Менеджмент» мамандықтарының студенттері кафедраның жетекші оқытушылары- Ю. В. Трофимова, Е. Е. Сумарева, О. Б. Лейман, Ж.Д. Үмітбаеваның сабақтарына қатысты.
«Бағдарламалық қамтамасыз ету» мамандығының студенттері үшін оқытушылар Ж.Қ. Айтқалиева, және Д.М. Жақсыбаева «IT-детектив» квест және зияткерлік ойынын ұйымдастырды.
Бизнес кафедрасының меңгерушісі И.В.Бордиану «Менеджмент», «Банк және сақтандыру ісі» және «Бағдарламалық қамтамасыз ету» мамандықтары бойынша оқитын ҚАЕУ Жоғары колледжінің түлектері — әлеуетті талапкерлермен кездесу өткізді. Бордиану И.В. кафедраның білім беру бағдарламалары туралы ақпаратпен бөлісті, оқу үдерісіне, тәжірибелік дайындыққа, одан әрі оқыту келешегіне және мансаптық мүмкіндіктерге қатысты сұрақтарға жауап берді. Кездесуге қатысушылар кафедра ұсынатын білім беру бағыттары мен мүмкіндіктеріне белсенді қызығушылық танытты.
Біздің мақсатымыз – колледж студенттерін қолдау және оларды кәсіби өсуге ынталандыру. Тәжірибелі мамандармен кеңесу, ҚАЕУ сабақтары мен іс-шараларына қатысу студенттерге маңызды ақпарат алуға ғана емес, сонымен қатар пайдалы байланыстар орнатуға көмектеседі.
Бизнес кафедрасы







