ҚАЕУ-де «Ғылыми жұмысты жазу стратегиясы мен техникасы» тақырыбында шеберлік сабағы өткізілді

2025 жылғы 31 қаңтарда Қазақстан-Американдық еркін университетінде «Зерттеудің жалпы ғылыми әдістері» пәні аясында филология ғылымдарының кандидаты Бияров Бердібек Нұролдайұлы «Ғылыми жұмысты жазудың стратегиясы мен техникасы» тақырыбында шеберлік сабағын өткізді. Бұл шеберлік сабағына  педагогикалық білім беру бағдарламаларының 1-4 курс студенттері қатысты. Оқытушы ғылыми жұмысты жазу және одан әрі ілгерілету туралы құнды ақпарат берді. Сондай-ақ, педагогикалық білім беру бағдарламалары бойынша оқитын студенттер құнды білім алып қана қоймай, сарапшылар мен модераторлар ретінде  шеберлік сабағы жұмысына белсенді қатысты. Олар ұсынылған материалдарды талдады, сындарлы ұсыныстар берді және академиялық жазудың негізгі аспектілерін талқылауға қатысты. 

Осы форматтың арқасында студенттер ғылыми жазу саласындағы білімдерін тереңдетіп қана қоймай, сыни тұрғыдан ойлау, рецензиялау және ғылыми пікірталас жүргізу дағдыларын дамыта алды. Бұл тәжірибе болашақ педагогтардың кәсіби дайындығының маңызды құрамдас бөлігі болып табылатын олардың зерттеу құзыреттерін нығайтуға ықпал етті.

Педагогика және психология кафедрасы