ҚАЕУ-де I Өңірлік мәнерлеп оқушылар байқауы өтті

2025 жылғы 31 наурызда Қазақстан-Американдық еркін университетінде I Өңірлік  мәнерлеп оқушылар байқауы өтті. Оған Шығыс Қазақстан облысының түрлі білім беру ұйымдарының оқушылары мен студенттері қатысты.

Байқау ҚАЕУ ректорының кеңесшісі, қазылар алқасының төрайымы Наталия Александровна Нестеренконың сөзімен ашылды.

Қазылар алқасының құрамына енгендер:

Әбілғазинова Әйгерім Бауыржанқызы – орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, «№18 орта мектеп» КММ оқу ісі жөніндегі меңгерушісі;

Тұрғымбаева Нұрсұлу Қайырдынқызы – ҚАЕУ педагогика және психология кафедрасының аға оқытушысы;

Жәмсап Ақерке Талантқызы – ҚАЕУ педагогика және психология кафедрасының оқытушысы;

Дедова Дарья Васильевна – №14 орта мектептің мұғалімі, ҚАЕУ педагогика және психология кафедрасының оқытушысы;

Мошенская Наталья Алексеевна – ҚАЕУ педагогика және психология кафедрасының аға оқытушысы.

Байқауға қатысушылар Павел Васильев, Қалқаман Сарин, Төлеген Рақымжанов, Тұманбай Молдағалиев сияқты қазақстандық және өңірлік авторлардың шығармаларын, сондай-ақ авторлық өлеңдерін ұсынды. Мәнерлеп оқу тақырыбы туған өлкеге деген сүйіспеншілік, мәдени бірегейлік, ұстаздық және Шығыс Қазақстанның табиғаты тақырыптарын қамтыды.

Байқау қорытындысы бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлер дипломдармен және алғыс хаттармен марапатталды. Байқау жастар арасында әдеби шығармашылықты қолдау, мәнерлеп оқу дағдыларын дамыту және  өңірлік поэзияны насихаттау мақсатында ұйымдастырылды.

Қорытынды хаттамамен мына жерден танысуға болады. 

Барлық қатысушыларды құттықтаймыз және шығармашылық табыстар тілейміз!

Ұйымдастыру комитеті