ҚАЕУ-де көлеңкелі экономикаға және қаржылық тәуекелдерге қарсы іс-қимыл бойынша кездесу өтті
2024 жылғы 19 қыркүйекте Қазақстан-Американдық еркін университетінде көлеңкелі экономикаға қарсы күрестің, қаржы пирамидаларының, құмар ойындарының және лудоманияның алдын алудың өзекті мәселелеріне арналған кездесу өтті. Іс-шараға қаржылық тәуекелдерден қорғауға мүдделі студенттер, жас депутаттар және жастар қоғамдық ұйымдарының мүшелері қатысты.
Кездесудің модераторы ШҚО ішкі саясат басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» КММ директоры Айдос Әділбеков болды. Шығыс Қазақстан облысы бойынша Экономикалық тергеу департаментінің басшысы Айдын Молдабеков баяндама жасады. Сондай-ақ, адам құқықтары жөніндегі уәкіл және қоғамдық ұйымдардың басшылары сөз сөйледі.
«Антарес А» қорының басшысы Виктор Дак қаржылық алаяқтықпен күресу және тұтынушылардың құқықтарын қорғау тәжірибесімен бөлісті. Кездесуді «Қарызсыз қоғам» жобасының тәлімгері Ермек Жұмағұлов аяқтап, борышқа тәуелділіктің алдын алу әдістері туралы айтып берді.
Іс-шара жастар арасында қаржылық сауаттылықты арттырудың және қаржылық қатерлерден қорғау шараларын әзірлеудің маңыздылығы аталып, тікелей диалог форматында өтті.