ҚАЕУ де жас ғалымдардың XIV Халықаралық форумы жұмысын бастады
2024 жылғы 8-12 сәуір аралығында Қазақстан-Американдық еркін университетінде «Заманауи ғылыми бағыттар: қолданбалы зерттеулерден инновацияларға дейін» жас ғалымдардың XIV Халықаралық форумы өтуде. Бұл ауқымды оқиға Қазақстан Республикасының Ғылым қызметкерлері күніне, сондай-ақ университеттің 30 жылдығына орайластырылған.
Кәсіби құзыреттіліктерді ғана емес, сонымен қатар зерттеу дағдыларын, теориялық білімді нақты тәжірибелік ортада тиімді қолдана алатын мамандарды даярлау – қазіргі заманның талабы. Осыған байланысты, ҚАЕУ-де ғылыми-зерттеу жұмысын дамытуға және инновациялық зерттеу ортасын құруға ерекше назар аударылады.
ҚАЕУ жас ғалымдарының жыл сайынғы Халықаралық форумы студенттердің танымдық қажеттіліктерін дамытуға, ғылымға деген қызығушылықты оятуға және болашақ мамандардың жеке және кәсіби дамуы үшін маңызды дербес ғылыми қызмет мәдениетін игеруге мүмкіндік беретін білім беру үдерісі мен ғылыми-зерттеу қызметінің бөлігі болып табылады.
Қазақстан – Американдық еркін университетіндегі студенттердің, магистранттардың, докторанттар мен оқытушылардың дәстүрлі ғылым және шығармашылық апталығы ғылыми семинарларды, шеберлік сабақтарын, шетелдік оқытушылардың дәрістерін, ғылыми қоғамдастықтың дөңгелек үстелдері мен диалог алаңдарын, жас ғалымдар мен зерттеушілерді өткізудің тиімді нысандарының әлеуетін біріктіруге мүмкіндік береді. Биылғы жылы форум алаңдарында бірқатар іс-шаралар өтеді.
Мәселен, «Заманауи ғылыми бағыттар: қолданбалы зерттеулерден инновацияларға дейін» ҚАЕУ жас ғалымдарының XIV Халықаралық форумының бірінші күні «Ғылым арқылы көшбасшылық дағдыларды қалыптастыру: табысқа жету жолы» шеберлік сабағы ашты. Оны ҚАЕУ халықаралық бағдарламаларының вице-президенті, Co-serve International ұйымының директоры Дэниэл Бэлласт жүргізді.
Іс-шараның ашылуына ҚАЕУ Президенті, ҚР ҰҒА академигі Ережеп Әлхайырұлы Мәмбетқазиев қатысты. Ол шеберлік сабағына қатысушыларымен сәлемдесіп, оларға барлық бастамаларында, соның ішінде ғылыми қызметінде де табыс тіледі.
Оқу пікірталасы форматында бірінші курс студенттері жаңа ұғымдармен танысып, ғылым мен көшбасшылықтың өзара байланысын, ғылыми қызметте көшбасшылық қасиеттерді қалыптастырудың маңыздылығын қарастырды.
– Көшбасшылық – бұл ғылым да, өнер де. Бірқатар зерттеулер осы тақырыпқа арналған. Мысалы, қай нысан тиімді, ғылымдағы сәттілік жолын қалай құруға болады, – деп түсіндірді Дэниел Бэлласт. – Бүгін біз мұны студенттермен шеберлік сабағында талқыладық.
Форумның жұмыс тәртібі өте мазмұнды. Форумның екінші күні, 9 сәуірде «Қазақстанның экономикалық-демографиялық дамуының гендерлік өлшемі» Халықаралық ғылыми семинары, сондай-ақ «Көшбасшылық пен ғылыми қызметтің өзара байланысы» шеберлік сабағы өтеді.
10 сәуірде білім беру саласындағы барлық мүдделі тараптардың өкілдері «Инклюзивті білім беру: даму ерекшеліктері мен келешегі» атты Халықаралық дөңгелек үстелге қатысады. Бұл күні «Халықтар достығы – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» диалог алаңы ұйымдастырылады.
11 сәуірде «Шетелде оқу тәжірибесі» есеп-тұсаукесері аясында ҚАЕУ студенттері Шығыс Қазақстан мектептері мен колледждерінің оқушыларына ЖОО-да оқу кезінде шетелде тағылымдамадан өту мүмкіндіктері туралы айтып береді.
Форум күндері шақырылған шетелдік оқытушылар өзекті тақырыптар бойынша бірқатар дәрістер оқиды.
Ғылым апталығының негізгі іс-шарасы Қазақстанның, сондай-ақ жақын және алыс шет елдердің ғылыми топтары өкілдерінің қатысуымен «Заманауи ғылыми бағыттар: қолданбалы зерттеулерден инновацияларға дейін» жас ғалымдардың XIV Халықаралық форумының Пленарлық сессиясы болады.
Онда жасанды интеллект саласындағы зерттеулердің жаңа, белсенді дамып келе жатқан бағытын қамтитын басым мәселелер бойынша бірқатар тақырыптық баяндамалар ұсынылатын болады. Сондай-ақ, «Ғылымда жасанды интеллектті пайдалану» шеберлік сабағы және университетінің 30 жылдық мерейтойына арналған өңірлік «Қазақстан-Американдық еркін университеті: өткені, қазіргі, болашағы» постерлер (плакаттар) конкурсының қорытындысын шығару өтеді.
XIV Халықаралық жас ғалымдар форумының жұмысы аясында Қазақстан-Американдық еркін университетінің кітапханасында университет студенттерінің, магистранттарының, докторанттары мен оқытушыларының ғылыми және әдістемелік еңбектерінің көрмесі жұмыс істейді.
Жұртшылықпен байланыс орталығы