ҚАЕУ-дегі білім күні
2024 жылдың 2 қыркүйегінде Қазақстан-Американдық еркін университетінің бас ғимаратында Білім күніне арналған дәстүрлі салтанатты жиын өтті.
Биыл университет өзінің 30 жылдық мерейтойын атап өтуде. ҚАЕУ Президенті, ҚР ҰҒА академигі Ережеп Мәмбетқазиев өз сөзінде заманауи жаһандық өзгерістер жағдайында білім берудің маңыздылығын атап өтті. Университет студенттері, түлектер мен оқытушылар да бірінші курс студенттеріне тілектерін білдірді.
ҚАЕУ барлық студенттеріне жаңа оқу жылында табысты оқу, ғылыми және шығармашылық жетістіктер тілейміз!