ҚАЕУ-дегі өрт қауіпсіздігі бойынша оқу-жаттығулар

2025 жылғы 6 наурызда Қазақстан-Американдық еркін университетінде өрт қауіпсіздігі бойынша жоспарлы оқу-жаттығулар өтті. Іс-шараға төтенше жағдайлар алгоритмдерін пысықтау және ықтимал тәуекелдерге дайындық деңгейін арттыру мақсатында қызметкерлер, оқытушылар мен студенттер қатысты. 

Оқу-жаттығу барысында өртке қарсы қауіпсіздіктің негізгі аспектілері пысықталды:

– өрт туралы ескерту және тез эвакуациялауды ұйымдастыру;

– алғашқы өрт сөндіру құралдарын пайдалану;

– түтін кезіндегі әрекеттер және дүрбелеңнің алдын алу;

– жедел қызметтермен өзара әрекеттесу. 

Мұндай жаттығулар  тәжірибелік дағдыларды игеруге ғана емес, сонымен қатар төтенше жағдайларда қауіпсіз  әрекет мәдениетін қалыптастыруға көмектеседі. Барлық қатысушыларға зейінділігі, ұйымшылдығы және жауапкершілігі үшін алғыс айтамыз! Білім мен дайындық әркімнің қауіпсіздігінің кепілі екенін ұмытпаңдар!