ҚАЕУ-ге 30 жыл: Аризона университетінің (АҚШ) өкілдерімен кездесу

2024 жылғы 26 қыркүйекте Қазақстан-Американдық еркін университетінде Аризона Университетінің (АҚШ) өкілдерімен кездесу өтті. Кездесуге Аризона Университетінің келесі жетекші мамандары қатысты: доктор Шейн Бёрджесс, ауыл шаруашылығы, жаратылыстану және ветеринария ғылымдары факультетінің вице-президенті және Чарльз Сандер атындағы ауыл шаруашылығы, жаратылыстану және ветеринария ғылымдары және қоршаған орта Колледжінің деканы,  сонымен қатар Ола Лундемо, Аризона Университетінің туризм саласындағы білім беру бағдарламасының жетекшісі, халықаралық туризм және қонақжайлылық жөніндегі директордың орынбасары, табиғи ресурстар және қоршаған орта кафедрасының доценті. 

ҚАЕУ тарапынан кездесуге бірінші вице-президент Жасұлан Байкенов, профессор Хью Холлман, халықаралық бағдарламалар және ынтымақтастық жөніндегі вице-президенті, сондай-ақ университеттің  жетекші өкілдері қатысты.

Кездесудің басты тақырыбы білім беру бағдарламаларында, әсіресе студенттермен алмасу және туризм саласында қос дипломды бағдарламалар құру саласындағы ынтымақтастық мүмкіндіктерін талқылау болды. Доктор Бёрджесс пен доцент Лундемо өз ұсыныстарын  жасады және Аризона Университетінде осындай бастамаларды жүзеге асыру тәжірибесімен бөлісті. Пікірталас барысында екі жоғары оқу орнының бағдарламалары ұқсас бағыттарға ие екендігі, бұл белсенді өзара іс-қимыл жасауға мүмкіндіктер ашатыны атап өтілді.

Қорытындылай келе, тараптар туризм және менеджмент саласындағы академиялық ұтқырлық пен ынтымақтастықты дамыту жөніндегі алдағы қадамдарды талқылады.