ҚАЕУ-ге 30 жыл: Батыс Саксон қолданбалы ғылымдар университеті делегациясының сапары

2024 жылғы 25 қыркүйекте Қазақстан-Американдық еркін университетінде Батыс Саксон қолданбалы ғылымдар университетінің (Цвиккау қ., Германия) делегациясымен кездесу өтті. Сапар ресми түрде жұмыс сипатында болды және бірлескен жобалардың қорытындысын шығаруға және екі жоғары оқу орны арасындағы ынтымақтастықты одан әрі талқылауға арналды.

Германиядан келген делегация құрамына Цвиккау университетінің жетекші профессорлары мен ғылыми қызметкерлері, соның ішінде университет президенті Штефан Кассел, профессор Кристиан Браувайлер, профессор Бернд Цирклер, профессор Томас Пеппер, профессор Клаудия Винкельман, профессор Том Шаль, сонымен қатар ғылыми қызметкерлер Лиза Страуч, Мелани Вебер, Тим Тишендорф, ҚАЕУ докторанттары Штефан Ноак және Александр Неске кірді.

Кездесудің модераторы С. М. Әбілов болды, ал құттықтау сөздерін ҚАЕУ президенті, ҚР ҰҒА академигі Е.Ә. Мәмбетқазиев, ҚАЕУ ректоры, PhD докторы А.Е.Мәмбетқазиев және Батыс Саксон университетінің президенті Штефан Кассел айтты. Сондай-ақ кездесуге ҚАЕУ бірінші вице-президенті Ж.Е.Байкенов мен халықаралық бағдарламалар және ынтымақтастық жөніндегі вице-президент Дэниэль Бэлласт қатысты.

Кездесуде бірлескен жобалардың жетістіктері, серіктестіктің қазіргі жағдайы және ғылыми өзара іс-қимылды кеңейту  келешегі талқыланды. Қолданбалы ғылымдар мен жас мамандарды даярлау саласындағы ынтымақтастықтың жаңа бағыттарын талқылау маңызды нәтиже болды.