ҚАЕУ-ге 30 жыл: «Орнықты басқару: ғылыми негізделген теория» қонақ дәрісі

2024 жылғы 26 қыркүйекте Қазақстан – Американдық еркін университетінде университеттің 30 жылдығын мерекелеу аясында «Орнықты басқару: ғылыми негізделген теория» тақырыбында қонақ дәрісі өтті. Іс-шара Батыс Саксон қолданбалы ғылымдар университетімен, Цвиккау (Германия) бірлесіп ұйымдастырылды.

Дәрістің спикерлері, профессор, PhD Бернд Цирклер және университеттің ғылыми қызметкері Мелани Вебер болды. Дәріс барысында ресурстарды басқарудың заманауи тәсілдері мен орнықты дамудың тиімді стратегияларын қоса алғанда, орнықты басқарудың негізгі аспектілері талқыланды.

Қатысушылар ұсынылған материалдардың жоғары  тәжірибелік маңыздылығын және сөйлеген сөздерінен кейін белсенді талқылауды атап өтті. Дәріс студенттерді, оқытушыларды және  орнықты даму мен ғылымға қызығушылық танытқандарды баурады.

Осы маңызды талқылауға қатысқандардың барлығына алғыс айтамыз!