ҚАЕУ-ге 30 жыл: «Заманауи ғылым мен білім берудегі эксперименттің мәні мен ерекшелігі» атты қонақ дәрісі

2024 жылғы 26 қыркүйекте Қазақстан-Американдық еркін университетінде университеттің 30 жылдығын мерекелеу аясында «Заманауи ғылым мен білім берудегі эксперименттің мәні мен ерекшелігі» атты қонақ дәрісі өтті. Спикер — педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент, Мәскеу қалалық педагогикалық университетінің даралау және үздіксіз білім беру зертханасының аға ғылыми қызметкері Тёров Андрей Александрович болды.

Іс-шара ғылыми қызмет пен білім беру  үдерісінде жаңа тәсілдер мен әдістемелерге қызығушылық танытқан студенттерді, оқытушылар мен зерттеушілерді жинады.

Қатысушылар Қазақстанда білім беру сапасын жақсарту үшін эксперименттік әдістерді қалай бейімдеуге болатындығы туралы сұрақтар қойып, өз ойларымен бөлісті. Дәріс  қызу пікірталаспен аяқталды, онда ғылым мен технологиядағы заманауи үрдістерді ескере отырып, білім беру бағдарламаларын одан әрі дамыту мәселелері көтерілді.