ҚАЕУ кеңейтілген Ғылыми Кеңесінің отырысы
2025 жылғы 19 наурызда Қазақстан-Американдық еркін университетінде кеңейтілген Ғылыми Кеңестің отырысы өтті, онда ЖОО дамуының негізгі бағыттары талқыланды.
Отырыс барысында ҚАЕУ-нің 2024 жылға арналған стратегиялық даму жоспарын іске асыру қорытындылары шығарылды, сондай-ақ 2025 жылға арналған міндеттер белгіленді. ҚАЕУ-нің бірінші вице-президенті, PhD докторы Жасұлан Ерболұлы Байкенов баяндама жасады.
Университеттегі американдық бағдарламаның даму келешегіне ерекше назар аударылды. Халықаралық бағдарламалар және ынтымақтастық жөніндегі вице-президент Дэниел Бэлласт ағымдағы жағдайды талдауды және одан әрі дамыту бойынша ұсыныстарды жасады.
Сондай-ақ,«Қазақстанның экономикалық-демографиялық дамуы: гендерлік аспект» ЖРН AP19680677 гранттық қаржыландырудың ғылыми жобасын орындау бойынша есеп тыңдалды. ҚАЕУ зерттеуші- профессоры, э.ғ. к., МФ жобасының ғылыми жетекшісі Айжан Арғынқызы Мұхамадиева баяндама жасады.
Отырыстың тағы бір маңызды тақырыбы цифрлық трансформация мен білім беру үдерістерін жетілдірудің стратегиялық бағдарлары болды. Ақпаратты Ақпараттық қамтамасыз ету және цифрлық білім беру технологиялары орталығының директоры Юлия Владимировна Трофимова ұсынды.
Отырыс шеңберінде ҚАЕУ Жоғары колледжі мен ӨК ЭҚК даму мәселелері мен келешегі қаралды, олар туралы колледж директорлары Кикина Марина Ивановна мен Набиев Ерсайын Ахметуалиұлы айтып берді.
Отырыс соңында ҚАЕУ президенті, ҚР ҰҒА академигі Мәмбетқазиев Ережеп Әлхайырұлы қорытынды сөз сөйлеп, талқыланған мәселелердің университетті одан әрі дамыту үшін стратегиялық маңыздылығын атап өтті.
ҚАЕУ білім беру және ғылыми ұстанымдарын нығайта отырып, сондай-ақ оқу үдерісіне инновациялық тәсілдерді енгізе отырып, белсенді дамуды жалғастыруда.











