ҚАЕУ мен Шығыс Қазақстан облысы бойынша заң консультанттар палатасы арасында стратегиялық серіктестік туралы Шарт жасалды
2024 жылғы 24 сәуірде ҚАЕУ-де Шығыс Қазақстан облысы бойынша Заң консультанттар палатасы мен Қазақстан-Американдық еркін университеті арасындағы Стратегиялық әріптестік туралы Шартқа қол қою рәсімі өтті. Бұл шарттың мақсаты – жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру жүйесінде мамандарды дамыту және даярлау және сапалы жұмыс орындарын құру мүмкіндігін кеңейту бойынша ынтымақтастық болып табылады.
ҚАЕУ-ден бұл шартқа жоғары оқу орнынан кейінгі білім беруді дамыту және ғылыми жұмыстар жөніндегі проректор Юлия Александровна Гаврилова және Шығыс Қазақстан облысы бойынша Заң консультанттар палатасының атынан келісімге осы палатаның басшысы Алтынай Хайдарқызы Аринова қол қойды.
Сонымен қатар, тараптар «Құқықтану», «Құқық және құқық қорғау қызметі», «Құқық және кеден ісі» білім беру бағдарламалары бойынша кәсіптік тәжірибе мен ғылыми тағылымдамадан өту туралы Шартқа қол қойды.
Біздің университет пен Шығыс Қазақстан облысы бойынша Заң консультанттары палатасы арасындағы жемісті ынтымақтастық болады деп үміттенеміз.
Құқық және халықаралық қатынастар кафедрасы