ҚАЕУ оқытушысы Новосибирскідегі Халықаралық жастар ғылыми оқуларында I дәрежелі диплом алды
2025 жылғы 14 наурызда құқық және халықаралық қатынастар кафедрасының аға оқытушысы С.А. Мужчиль Сібір тұтыну кооперациясы университетінде (Новосибирск) «Қазақстан Республикасының ұлтаралық және конфессияаралық келісімді қамтамасыз етудегі тәжірибесі» тақырыбында ғылыми баяндама ұсынды.
Савелий Александрович Ресей Федерациясындағы ғылым мен технологияның Онжылдығы аясында профессор Н.Н.Протопопов атындағы СібТКУ Халықаралық жастар ғылыми оқуларының пленарлық отырысында сөз сөйледі.
Осы конференция қорытындысы бойынша С.А. Мужчиль I дәрежелі диплом алды. Ынтымақтастық үшін СібТКУ-не алғыс айтамыз!
Құқық және халықаралық қатынастар кафедрасы
