ҚАЕУ олимпиада жеңімпазына грант табыстады

2025 жылдың 28 ақпанында Қазақстан-Американдық еркін университеті Абай Құнанбаевтың туғанына 180 жыл толуына орай қазақ тілі мен әдебиетінен XI  өңірлік олимпиада өткізді. Пәндік олимпиадаға Ұлан, Үлкен Нарын, Катон-Қарағай, Глубокое аудандары, Абай облысының Жарма ауданы және Өскемен қаласы мектептерінің 10,11-сыныптары бойынша барлығы 85 оқушы қатысты.

Пәндік олимпиадалар – дарынды оқушыларды табу, олардың шығармашылық әлеуетін дамыту және ғылым мен білімге деген қызығушылығын ынталандырудың тамаша тәсілі. Ал олимпиадаға қатысушылар үшін  бұл – өз білімдерін тексеру, өзін-өзі бағалау және емтихансыз жоғары оқу орнына түсу мүмкіндігі. Қазақ тілі мен әдебиеті бойынша пәндік олимпиада үздіктердің үздігін іріктейді, сонымен қатар болашақ талапкерлер арасында ұлы ақын Абай Құнанбаевтың дүниетанымын түсінуге мүмкіндік туғызады.

Олимпиада 2 кезеңнен тұрды. 1-кезеңде қатысушылар оқу бағдарламасы бойынша тест тапсырмаларын шешсе, 2-кезеңде Абай Құнанбаевтың өмірі мен шығармашылығына байланысты эссе жазды.

Олимпиада аясында Шығыс Қазақстан лингвистикалық орталығының оқытушысы Аймұхамбетова Ләззат Әскербекқызы «Білім берудегі заманауи әдіс-тәсілдер және жасанды интеллект» тақырыбында мұғалімдерге арнап семинар өткізді. Барлық қатысушыларға  сертификаттар табысталды.

Олимпиаданың 2-кезеңіне өткен оқушыларға «Педагогика және психология» кафедрасының аға оқытушысы, психолог Катанова Елизавета Темирбековна тренинг жүргізді.  

Олимпиада қорытындысы бойынша жүлделі орын алғандар:

10-сыныптар арасында:

ОрынАты-жөніМектеп
1-орынДидарқызы Айша«Заки Ахметов атындағы № 16 орта мектебі» КММ
2-орынЖанарбекқызы Аружан ШҚО білім басқармасы Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің «№6 орта мектебі» КММ
Салауатқызы Айша ШҚО білім басқармасы Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің «Ахмер орта мектебі» КММ
Рахамбай НазираШҚО білім басқармасы Ұлан ауданы бойынша ББ «М.Ломоносов атындағы орта мектебі» КММ
3-орынБекболат ЛәйлаШҚО білім басқармасы Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің « Абай атындағы №33 орта мектебі » КММ
Рүстемова АдияШҚО білім басқармасы Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің «№ 47 жалпы білім беретін мектеп» КММ
Мырзағалиева АружанШҚО білім басқармасы Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің «№ 47 жалпы білім беретін мектеп» КММ

11-сыныптар арасында:

ОрынАты-жөніМектеп
1-орынСаянқызы Саяжан  ШҚО білім беру басқармасы Өскемен қаласы бойынша «М. Шаяхметов атындағы №23 орта мектебі» КММ
2-орынХайратбек ЖайдарманШҚО білім басқармасы Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің«Ахмет Байтұрсынов атындағы №20 орта мектебі» КММ
3-орынСайлауқанова Назгүл Дәуренқызы  ШҚО білім басқармасы Катонқарағай ауданы бойынша ББ «Сейтқамза Ластаев атындағы орта мектебі»  КММ

Биыл өткізілген XI өңірлік Олимпиаданың
жүлде қоры төмендегідей болды:

1-орынҚазақстан-Американдық еркін университеті президентінің гранты
2-орынҚАЕУ-де оқу ақысына 50 % жеңілдік
3-орынҚАЕУ-де оқу ақысына 30 % жеңілдік

Жеңімпаздарды құттықтаймыз! Ел болашағы боларлық білімді талапкерлер дайындаған жетекшілерге алғыс білдіреміз!

«Педагогика және психология»  кафедрасы