ҚАЕУ оқытушылары ТМЗУ-де өткен Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияға қатысты
2024 жылғы 29 наурызда Ташкент мемлекеттік заң университетінде «Орталық Азия елдерінің қылмыстық процесінде сот шешімдерін қайта қарау (шынайылық және келешегі)» атты Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.
Конференцияда ҚАЕУ Құқық және халықаралық қатынастар кафедрасының оқытушылары Мужчиль Савелий Александрович пен Жүніспеков Ермек Мұхамеджанұлы онлайн режимінде «Тұрмыстық зорлық-зомбылық жасағаны үшін қылмыстық жауапкершілікті қолданудың өзекті мәселелері» атты баяндама жасады.
Конференция жұмысына Өзбекстан, Қазақстан, Қырғызстан және Тәжікстанның жетекші ғалымдары қатысқанын атап өтеміз.
Құқық және халықаралық қатынастар кафедрасы