ҚАЕУ оқытушысы АлтМУ дағы Жас түркітанушылар мен алтайтанушылар мектебінің IX көктемгі сессиясына қатысты
2024 жылғы 19 наурызда Алтай мемлекеттік университетінде (Барнаул қ.,Ресей Федерациясы) Жас түркітанушылар мен алтайтанушылар мектебінің IX көктемгі сессиясы өтті. Оның тыңдаушылары Ресей, Қазақстан, Қырғызстан және Өзбекстанның 19 университетінен жүзден астам қатысушы болды. Іс-шараға ҚАЕУ құқық және халықаралық қатынастар кафедрасының аға оқытушысы Мужчиль Савелий Александрович қатысты.
Ресей Федерациясының ғылым және жоғары білім министрлігінің қолдауымен «Үлкен Алтайдың Түркі әлемі» жобасы аясында 2020 жылдан бастап АлтМУ–да жас түркітанушы-ғалымдар мен алтайтанушылар мектебі жұмыс істейді. Дәстүр бойынша жас ғалымдар мектебінің сессиясы Наурыз мерекесі қарсаңында өтеді. Биылғы жас ғалымдар сессиясының тақырыбы түркі мемлекеттерінің ортағасырлық тарихы болды.
Құқық және халықаралық қатынастар кафедрасы