ҚАЕУ оқытушысы “Тұран-Астана” университетінің студенттеріне дәріс өткізді
2024 жылғы 13 наурызда заң ғылымдарының кандидаты, ҚАЕУ құқық және халықаралық қатынастар кафедрасының аға оқытушысы Муталяпова Айман Шерехановна академиялық ұтқырлық шеңберінде өзара ынтымақтастық туралы шарт негізінде “Тұран-Астана” университетінің ұлттық және халықаралық құқық кафедрасының студенттеріне “Сыртқы қатынастар құқығы” тақырыбында дәріс өткізді.
ТАУ студенттері дәрістен кейін А. Ш. Муталаповаға дипломатиялық және консулдық құқыққа қатысты сұрақтар қойды. Барлық сұрақтарға жауаптар берілді.
Айман Шереханқызына қызықты дәрісі үшін, ал “Тұран-Астана” университетіне ынтымақтастығы үшін алғыс айтамыз!
Құқық және халықаралық қатынастар кафедрасы