ҚАЕУ студенті – облыстық байқаудың жеңімпазы!
Ұлы ақын Абай Құнанбайұлының 180 жылдық мерейтойы қарсаңында Пушкин атындағы облыстық кітапханада “Абайдың Тоғжаны” атты облыстық байқау өтті. Байқауға мектептің жоғары сыныптарынан, орта арнаулы және жоғары оқу орындарынан 8 қыз қатысты. 16 мен 25 жас аралығындағы қыз балалар қатысқан байқау “Әсемпаз болма әрнеге”, “Өнерге әркімнің-ақ бар таласы”, “Жасымда ғылым бар деп ескермедім”, “Қақтаған ақ күмістей кең маңдайлы” кезеңдерінен тұрды.
Қазылар шешімі бойынша Бас жүлдемен университетіміздің «Қазақ тілі мен әдебиеті» білім беру бағдарламасының 3 курс студенті Серік Іңкәр марапатталды.
Байқау жеңімпаздары дипломдармен, ақшалай сыйлықтармен және қаламыздағы сұлулық салондарының қызметі ұсынылған сертификаттармен марапатталды.
Педагогика және психология» кафедрасы









