ҚАЕУ студенті шаңғы жарысынан Өскемен чемпионатында бірінші орынды иеленді
2025 жылдың 1 наурызында Комсомол аралында (шаңғы трассасы) жоғары оқу орындары мен колледж студенттері арасында шаңғы жарысы бойынша Өскемен қаласының Чемпионаты өтті.
Қазақстан-Американдық еркін университетінің студенттері жарыстарға белсенді қатысты. «Дене шынықтыру және спорт» білім беру бағдарламасының 3-курс студенті Кузьмина Ангелина 1,5 км қашықтықта бірінші орын алып, тамаша нәтиже көрсетті.
Ангелинаны лайықты жеңісімен құттықтаймыз және жаңа спорттық жетістіктер тілейміз!



