ҚАЕУ студенттері арасында баскетболдан жарыс

2024 жылдың 18 қазанында «Баскетбол» пәні аясында «Дене шынықтыру және спорт» білім беру бағдарламасының 3 курс студенттері арасында жарыс өтті. Қатысушылар баскетбол ойнаудың  тәжірибелік  ептіліктері мен дағдыларын, сондай-ақ техникалық және моторлық дайындықты көрсетті.

Болашақ  педагогтар үшін бұл салауатты өмір салтының маңыздылығын іс жүзінде атап өтуге, сондай-ақ физикалық белсенділікті уәжделеуге және ынталандыруға тамаша мүмкіндік болды.

Педагогика және психология кафедрасы