ҚАЕУ студенттерінің Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаменті өкілдермен кездесуі
2024 жылдың 24 сәуірінде Қазақстан-Американдық еркін университетінің «Құқықтану» білім беру бағдарламасының 3 курс студенттері Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаментінің зияткерлік меншік құқығы басқармасының басшысы Е.Қ. Қайдаров және бас маман А.А. Шумановпен кездесті.
Студенттермен кездесуде бөлім жұмысына қатысты мәселелер, оның ішінде тексеру жүргізу тәртібі, заңсыз тауарларды алу және оларды жою мәселелері талқыланды. Елжас Қайдарұлы бұл процестің әдістері мен ерекшеліктеріне тоқталса, Айбек Айтбекұлы контрафактілік өнімдерді жою туралы бейнеролик көрсетіп, ақпараттық парақшалар таратты.
Студенттер кездесуге белсенді түрде қатысып, жұмысқа орналасу және тағылымдамадан өту туралы сұрақтар қойды. Кездесу болашақ заңгерлер үшін зияткерлік меншіктің құқықтық аспектілері туралы түсініктерін кеңейте отырып, нәтижелі және пайдалы болды.
Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментіне ынтымақтастық үшін алғысымызды білдіреміз!
Құқық және халықаралық қатынастар кафедрасы