ҚАЕУ түлегін байқаудағы жеңісімен құттықтаймыз!

Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы Өскемен қаласы білім бөлімінің «№18 орта мектебі» КММ-нің орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, Абылғазинова Айгерім Бауыржанқызы облыс әкімінің «Үздік тіл пәні мұғалімі -2024» сыйлығының облыстық байқауының қалалық кезеңінде ІІ орынды иеленді. 

Бұл  байқау 4 турдан тұрды: «Медиавизитка», «Шеберлік сабағы», «Сабақ» және оқушылардың білім сапасын бақылаудың конкурстық кезеңі.

Байқау аясында тіл пәнінің үздік оқытушылары білім беруді дамытудың заманауи  үрдістеріне сәйкес тіл үйрету және тәрбиелеу үдерісін ұйымдастырудың тиімді әдістемелік тәжірибелерін ұсынды, шеберлік  сабағы аясында кәсіби қызметтің әдіс-тәсілдерін көрсетті және сонымен қатар оқу пәнінен ашық сабақ өткізді.

Әйгерім Бауыржанқызы – Қазақстан-Американдық еркін университетінің «Орыс тілі мен әдебиеті» бакалавриат және магистратура білім беру бағдарламасының түлегі, практик-педагог, қосарлы білім беру жүйесі туралы  шарт аясында  университет студенттеріне тәжірибелік пәндердің оқыту әдістемесі мен заманауи мектептегі оқыту технологияларынан сабақ береді.

Құттықтаймыз және шығармашылық табыс тілейміз! Алға, ҚАЕУ түлектері!

Педагогика және психология кафедрасы