ҚАЕУ университетінің көктемгі Open Air
Қазақстан-Американдық еркін университетінің белсенділері Өскемендегі қалалық Арбат алаңында Open Air концертін өткізді.
ҚАЕУ жастар саясаты жөніндегі проректор Н.П.Уразова атап өткендей, бұл іс-шара университетіміздің жарқын дәстүрі болып табылады.
Ашық сахнада университеттің дарынды студенттері арасынан тәжірибелі орындаушылар да, жаңадан келген музыканттар да өздерін батыл көрсетті. Әртүрлі музыкалық жанрлар – джаздан рокқа, попсадан халық әуендеріне дейін – әркімге өз қалауынша бірдеңе табуға мүмкіндік берді.
Концерттің ерекше бөлімі көрермендерді музыкалық үдеріске белсенді қатысуға шақыратын интерактивті қойылымдар болды. Осылайша, әрбір қала тұрғыны осы тамаша музыкалық шараның бір бөлігін сезіне алды.
Барлық қатысушыларға тамаша ахуал мен бірге бөліскен ерекше сәттер үшін алғыс айтамыз!