ҚАЕУ және «ШҚО кәсіподақ орталығы» АПБ ынтымақтастығы

2024 жылғы 27 тамызда Қазақстан-Американдық еркін университеті мен «ШҚО кәсіподақ орталығы» Аумақтық кәсіподақтар бірлестігі арасында стратегиялық серіктестік туралы шартқа және кәсіптік  іс-тәжірибелерді  ұйымдастыру туралы шартқа қол қойылды.

«ШҚО кәсіподақ орталығын» төрағасы Қасымжанов Темірбек Жұмақұлұлы және оның орынбасары Игасанова Айжан Айдарқызы таныстырды.

ҚАЕУ бірінші вице-президенті Ж.Е. Байкенов пен «Бизнес, құқық және педагогика» факультетінің деканы Г. А. Мензюк қонақтарымыз үшін  ғимарат бойынша экскурсия өткізді.

Сондай-ақ, Темірбек Жұмақұлұлы мен Айжан Айдарқызын университет Президенті, академик Ережеп Әлхайырұлы Мәмбетқазиев қабылдады.

Шарттарға қол қою нәтижелері бойынша тараптар келесі бағыттар бойынша ынтымақтастықты дамытуға ниетті:

– еңбек, әлеуметтік және кәсіподақ заңнамасы мәселелері бойынша перспективалы жобалар туралы ақпарат алмасу;

– құқықтану саласында білікті кадрларды даярлаудың үздік тәжірибелерін тарату;

– бірлескен ғылыми және  тәжірибелік жұмыстар жүргізу;

– еңбек, әлеуметтік және кәсіподақ заңнамасы саласында біліктілікті арттыру мәселелері бойынша бірлескен бағдарламаларды іске асыру;

– әлеуетті серіктестермен кездесулер ұйымдастыру, семинарларға, симпозиумдарға, қысқа мерзімді оқу бағдарламаларына және академиялық кездесулерге қатысу;

– ғылыми-зерттеу және оқу материалдарымен, жарияланымдармен және академиялық ақпаратпен алмасу;

– өзге де өзара тиімді бағыттар. 

Құқық және халықаралық қатынастар кафедрасы