ҚАЕУ-нің халықаралық пікірталас Дөңгелек үстеліне қатысуы
2025 жылғы 28 ақпанда Қазақстан-Американдық еркін университетінің оқытушылары «Көшбасшылық, волонтерлік, тәлімгерлік, дараландыру және тьюторлық тәжірибелері бірлескен шығармашылықтың нұсқалары ретінде: уәждеме мәнмәтіндері және білім берудегі дербес болашақпен жұмыс» халықаралық қатысуымен пікірталас Дөңгелек үстеліне қатысты. Іс-шараны Мәскеу қалалық педагогикалық университеті (МҚПУ) «Білім берудегі, басқарудағы және бизнестегі бірлескен шығармашылық: уәждеме теңдеуі» атты IX Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция аясында ұйымдастырды.
Пікірталас үстелінің форматы Мәскеу қаласында бетпе-бет қатысуды, сондай-ақ сарапшылар мен қатысушыларды онлайн режимде қосуды көздеді. ҚАЕУ студенттік көшбасшылық тәжірибелерін таныстырды, сондай-ақ іс-шараның тең ұйымдастырушысы болды. Университеттің атынан спикерлер сөз сөйледі:
Дэниэль Бэлласт – ҚАЕУ вице-президенті;
Оразова Наталья Павловна – жастар саясаты жөніндегі проректор;
Шихотова Елена Витальевна – ҚАЕУ лингвистикалық орталығының директоры.
Гаврилова Юлия Александровна – ҚАЕУ іс-шарасының модераторы, заң ғылымдарының кандидаты, ғылыми жұмыс және жоғары оқу орнынан кейінгі білім жөніндегі проректор.
Талқылау барысында білім беру ынтымақтастығының, көшбасшылықтың, тәлімгерліктің, тьюторлық пен волонтерліктің маңызды аспектілері, олардың жеке білім беру траекториялары мен уәждемесін қалыптастырудағы рөлі қозғалды.
ҚАЕУ үшін осындай халықаралық іс – шараларға қатысу – бұл академиялық байланыстарды нығайту, тәжірибе алмасу және халықаралық аренада инновациялық білім беру тәжірибелерін ұсыну мүмкіндігі.





