ҚАЕУ-де «Тоғызқұмалақтан» жарыс өтті
2022 жылы қазанның 26 жұлдызында ҚАЕУ-де ұлттық спорт түрі «Тоғызқұмалақтан» жарыс өтті. Халқымыздың асыл мұрасы болып табылатын бұл ойын жастардың логикалық ойлау шеберлігін шыңдап, оларды отансүйгіштікке, адамгершілік пен сабырлыққа тәрбиелейді. «Дала алгебрасы» атанған «Тоғызқұмалақтан» ҚАЕУ студенттері арасында шағын жарыс өтті. Сайысқа «Дене шынықтыру және спорт» білім беру бағдарламасының білім алушылары белсене қатысып, ой шеберліктерін көрсете білді.
Ұлттық ойынымызды ұлықтау мақсатында «Тоғызқұмалақ» жарыстарының әлі де өз жалғасын табатынына сенеміз!
Педагогика және психология кафедрасы