ҚАЕУ Германия университеттерімен ынтымақтастықты кеңейтуде
2023 жылғы 8 қарашада Г.С. ОМ атындағы Техникалық университетте (Нюрнберг қ., Германия) Халықаралық білім жәрмеңкесі өтті, оған ҚАЕУ өкілдерінің делегациясы қатысты. Бұған дейін, Өскеменге сапары кезінде профессор К. Нобах, ҚАЕУ және Г.С. Ом атындағы Техникалық университетпен өзара түсіністік туралы Шартқа және студенттермен академиялық алмасу туралы Шартқа қол қойды, оның шеңберінде келесі жылы ҚАЕУ оқытудан өту үшін Германиядан алғашқы студенттерді қабылдайды.
Жәрмеңке барысында “International Business” білім беру бағдарламасы бойынша бакалавр дәрежесін алу үшін міндетті шарт болып табылатын бір семестр ішінде шетелде оқуға мүдделі студенттер ЖОО өкілдерімен әңгімелесуге, Қазақстанда оқуға және тұруға қатысты өздерін қызықтыратын барлық мәліметтерді білуге мүмкіндік алды.
Жұртшылықпен байланыс орталығы