ҚАЕУ мен “Тұран-Астана” университетінің кезекті ынтымақтастығы

2023 жылдың 6 қаңтарында құқық және халықаралық қатынастар кафедрасының аға оқытушысы, заң ғылымдарының магистрі С.А.Мужчиль елордалық “Тұран-Астана” университетінің жас оқытушыларына “Дуалды оқытудағы қонақ дәрістерінің рөлі” тақырыбында шеберлік сабағын өткізді. Аталған іс-шара Қазақстан-Американдық еркін университеті мен “Тұран-Астана” университеті арасындағы білім беру қызметтерін көрсету саласындағы өзара ынтымақтастық туралы Шарт негізінде өткізілді.

Баяндамашы ҚАЕУ-нің дуалды оқыту мен қонақтардың дәрістерін ұйымдастыру бойынша тәжірибесімен бөлісті.

Сондай-ақ, іс-шараға ҚАЕУ түлегі, гитара оқытушысы Батырхан Мұқанов қатысып, музыкалық білім беруде дуалды оқытудың қолданылуы туралы айтты.

Тақырыпты талқылауға “Тұран-Астана” университетінің БҚО директоры С.Е. Нұрпейісов белсенді қатысып, дуалды оқытуды қолданудың шетелдік тәжірибесі туралы айтты.

Кездесу соңында спикерлер әріптестерінің сұрақтарына жауап берді.

“Тұран-Астана” университетімен ынтымақтастығымыз жалғасып жатқанына қуаныштымыз!

Құқық және халықаралық қатынастар кафедрасы